Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Тағы бір балуанымыз алғашқы кездесуде жеңіліс тапты

Опубликовано:

Демеу Жадыраев пени Якибу Сохей
Демеу Жадыраев пени Якибу Сохей. Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен қазақстандық спортшы Демеу Жадыраев Токиодағы Олимпиада ойындарының 1/4 финалына өте алмады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жадыраев 1/8 финалда жапониялық Якибу Сохейге 3:5 есебімен есе жіберді.

Енді жартылай финалға жолдама алған жапон спортшысы 2019 жылғы әлем чемпионы венгриялық Тамаш Лориншпен күреседі.

Айта кетейік, Якибу Сохей финалға шыққан жағдайда Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде күресуге мүмкіндік алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Токио төрінде 60 келіде белдескен қазақстандық балуан Мейрамбек Айнағұлов алғашқы кездесуде жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалғанын жазған едік.

Айнағұлов қырғызстандық балуан Жоламан Шаршенбековтен 8:0 есебімен жеңілді.

Одан бөлек, тағы бір балуанымыз Эльмира Сыздықова үшін де Олимпиада аяқталды. Ол да алғашқы қарсыласынан жеңіліп қалды.

Әзірге Қазақстан қоржынында Токио Олимпиадасының үш қола медалі бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло иеленді.

Ал жалпы командалық есепте қазір Қазақстан 76 мемлекеттің ішінде 68-орында тұр. Үздік үштікте - Қытай, Жапония және АҚШ.

Көш бастап тұрған Қытай құрамасының қоржынында 24 алтын, 14 күміс, 13 қола барлығы 51 медаль бар. Ал АҚШ-тың қоржынында 20 алтын, 24 күміс, 16 қола болса, Жапония құрамасында 17 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925004-tokio-2020-tagy-bir-baluanymyz-algasqy-kezdesude-zapondyq-sportsydan-zenilidi/

pixel