Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Токио-2020: Боксшы Зәкір Сафиуллин жартылай финалға шыға алмады

Опубликовано:

Зәкір Сафиуллин
Зәкір Сафиуллин. Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Токиодағы Олимпиада ойындарында жартылай финалға шыға алмады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан Зәкір Сафиуллин австралиялық қарсыласы Гарри Гарсайдтан 2:3 есебімен жеңілді.

Айта кетейік, бұған дейін Сафиуллин алғашқы кездесуде перулік Леодан Пезо Сабойюді айқын басымдықпен жеңген болатын.

Дегенмен одан кейін қарсыласы жапониялық Дайсуке Наримацу денсаулық жағдайына байланысты жекпе-жектен бас тартып, отандасымыз ширек финалға жолдама алған еді.

Еске сала кетейік, бүгін 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда Габриэль Эскобармен кездесіп, 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті.

Бибосынов Қазақстан құрамасынан жартылай финалға жолдама алған екінші боксшы. Бұған дейін 91 келіден жоғары салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаевта 1/2 финалға өткен еді.

Осылайша, қос қазақстандық кем дегенде Олимпиаданың қола жүлдесін иемденіп отыр.

Әзірге ел қоржынында Олимпиаданың үш қола медалі бар. Оны дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншало иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1925339-tokio-2020-otandasymyz-zakir-safiullin-australiyalyq-qarsylasyna-ese-ziberdi/

pixel