RU

Ресейден келіп, мұсылман атанған Нұрислам Санаев Олимпиада қоласына күреседі

Борец Нурислам Санаев
Нурислам Санаев. Фото: НОК Казахстана, Женис Ыскабай

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақта жартылай финал белдесулері өтіп жатыр. Қазақстан Нұрислам Санаев үндістандық қарсыласынан жеңіліп қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрислам әлем үздіктерінің бірі, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия біріншілігінің жеңімпазы Рави Кумармен кездескен болатын.

Тартысты жекпе-жекте Санаев 9:2 есебімен алда келе жатты. Бірақ қолдағы басымдықтан айырылып, белдесу аяғына қарай қарсыласынан таза ұтылды.

Осылайша, ол Олимпиаданың қола жүлдесіне таласу мүмкіндігін алып отыр.

Айта кетелік, бүгін Нұрислам Санаев Жапония өкілі, әлем чемпионы Юки Такахашиді ұтқан болатын.

Нұрислам Санаевтың бұрынғы аты-жөні - Артас Сана. Ол Ресейде дүниеге келген. 2019 жылдан бері ресми жарыстарда Қазақстан намысын қорғап жүр.

Қазақстанға келген соң ислам дінін қабылдап, атын Нұрислам деп өзгертті. Сондай-ақ, Нұрислам Санаев қазақ тілін меңгеріп алған.

Нұрислам 2018 жылғы әлем чемпионатының күміс, 2019 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1925522-reseiden-kelip-musylman-atangan-nurislam-sanaev-olimpiada-qolasyna-kuresedi/