Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтыншы қола: Нұрислам Санаев еркін күрестен Олимпиаданың қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Нұрислам Санаев774
Фото: olympickz

Токио Олимпиадасында еркін күрестен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық балуан қола медальға таласта Болгария өкілі Георгий Вангеловпен белдесті.

Жекпе-жек Санаевтың басымдығымен өтіп, ол 5:1 есебімен жеңіске жетті. Нұрислам өз мансабында алғаш рет Олимпиада жүлдесін иеленіп, қола жүлдегер атанып отыр.

Айта кетелік, қазақстандық еркін күрес шеберлері 2012 жылғы Ақжүрек Таңатаровтың қола медалінен кейін Олимпиададан жүлде алған жоқ.

Нұрислам Санаев Ресейде дүниеге келген. Қазақстанға ауысқан соң ол есімін өзгертіп (алғашқы аты Артас), ислам дінін қабылдады.

Ол Ақтөбе облысының атынан күреседі.

Жеңімпаздар11
Еркін күрстен 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Токио Олимпиадасының жүлдегерлері. Фото: olympickz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925759-altynsy-qola-nurislam-sanaev-erkin-kuresten-olimpiadanyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel