Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропа Лигасы: "Қайрат" өз алаңында армениялық "Алашкерт" клубын ұта алмады

Опубликовано:

Алматылық клуб
Фото: vk.com/fckairat

Алматылық "Қайрат" Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің матчында армениялық клубпен кездесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматылық ұжым өз алаңында "Алашкерт" клубын қабылдады.

Бірінші таймда "Қайрат" ойыншысы Артур Шушеначевтің есеп ашатын екі тамаша мүмкіндігі болды. Шабуылшысы біріншісінде қисық тепсе, екіншісінде қонақтардың қақпашысы есеп ашуға жол берген жоқ.

"Алашкерт" клубында да ойынның алғашқы бөлігінде гол ұратын мүмкіндік туындады. Алайда армениялық клубтың футболшысы он бір метрлік айып добынан мүлт кетті. Артак Григорянның соққысы "Қайрат" қақпасының маңдайшасынан тиді.

Бірінші таймның соңғы минуттарында Вагнер Лав та есеп ашатын мүмкіндік ие болған. Бірақ бразиялық шабуылшының соққысын қонақтардың қақпашысы қайтарды.

Екінші таймда да гол соғылған жоқ.

Осылайша, "Қайрат" пен "Алашкерт" арасындағы тартысты кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Командалардың қарымта ойыны 12 тамызда Арменияда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1925807-europa-ligasy-qairat-oz-alanynda-armeniyalyq-alaskert-klubyn-uta-almady/

pixel