RU

Қарсыласымен соқтығысқан қазақстандық велошабандоз 30 метрге ұшып кетті (видео)

Сергей Пономарев
Сергей Пономарев. Фото: GREG BAKER/AFP via Getty Images

Қазақстандық велошабандоз үшін кейрин бойынша іріктеу жарысы сәтсіз аяқталды. Малайзиялық спортшы Сергей Пономаревтің алдына құлап түскен, отандасымыз оны айналып өтуге үлгермеген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқыс жағдай малайзиялық Мұхаммед Шах Фирдаус Сахром қарсыласының артқы дөңгелегіне соғылып, тепе -теңдікті жоғалтып алып, құлаған кезде болды. Оның соңынан ерген Пономаревтің қандай да бір әрекет етуге мүмкіндігі болмаған. Салдарынан екі спортшы соқтығысып, велошабандоздар 20-30 метрге ұшып кетті.

Соқтығысу кезінде екеуінің де жылдамдығы сағатына 75-78 шақырым болған екен.

Осылайша, Пономарев жарысты аяқтай алмады. Ол алаңнан өз аяғымен шығып кеткен. Қазақстандық спортшының денсаулығы туралы басқа дерек хабарланбады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1926057-qarsylasymen-soqtygysqan-qazaqstandyq-velosabandoz-30-metrge-usyp-ketti-video/