Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Отбасым автокөлік ұтып алғаныма сенбеді»: Төрт азамат су жаңа Лексустың иесі атанды

Опубликовано:

Parimatch
Фото: Parimatch

28 жасар алматылық Асқар, бұрын-соңды ұтыс ойындарына қатысып көрмеген, оның ойынша ұтыс ойындары арқылы жүлделі болу мүмкін емес. Ал елордалық Қанат керісінше, КСРО кезеңінен бастап арманындағы жаңа Жигулиді ұтып алу үшін лотореялық билеттерді сатып алуын тоқтатпағанын айтады. Алайда осы жылдың шілде айында екеуі де жаңа Lexus NX200 автокөлігін иеленді.

Дәл осындай қуанышқа атыраулық Нұрбек пен алматылық тағы бір отбасы кенелді. Бұл азаматтардың барлығы «Еуробол» акциясына қатысу арқылы жүлделі болған. 11 маусымнан 11 шілдеге дейінгі аралықта, футбол чемпионатының маңызды кезеңі – Еуро-2020 барысында Parimatch компаниясы жалпы құны 50 млн теңгені құрайтын смартфондарды, ойын приставкалары мен басқа да гаджеттерді ойнатты. Басты жүлде - төрт Lexus NX 200 автокөлігі.

Акцияға қатысу үшін ойыншылар қарапайым шарттарды орындады: Parimatch.kz сайтында 1,8 коэффициентімен небәрі 2000 теңгеге ұтыс тігу қажет еді.

«Маған қоңырау шалғанда инвестиция сал, жеңілдік ал деп ұсынатын шығар деген ой келді. Бірақ артынан Parimatch-тан екенін естігенде, бірдеңе ұтқанымды сездім. Не ұттым екен деп қобалжыдым, алайда автокөлік деп ойламадым», - деп Қанат өз қуанышын жеткізді.

«Еуробол» акциясында жеңімпаз атанған қатысушылардың қуанышы мен толғанысын Parimatch-тың ресми YouTube-арнасынан көруге болады.

«Еуро Чемпионаты – спорт әлеміндегі алып оқиға. Әдетте Чемпионат матчтарын бұрын жергілікті турнирлерден де хабары жоқ азаматтар көре бастайды. Осыны ескеріп, біз де чемпионаттан кем түспейтін үлкен акция ұйымдастыруға тырыстық! Әр апта сайын автокөлік ұтысы, күнделікті және сағат сайын өтетін қосымша жүлделердің ұтыс ойындары, жүлдеге толы квесттердің бірегей механикасы – біздің ойыншылардың қуанышында шек болған жоқ десем артық айтқаным емес. Бұл тек бастамасы ғана, алдағы шараларға көптеген қызықты дүниелер әзірледік», - деп Орталық Азиядағы PM бас директоры Роман Бойко өз ойымен бөлісті.

Parimatch — 26 жылдық тарихы бар халықаралық онлайн-букмекер. Бренд дүние жүзі бойынша төрт құрлықта, он мемлекетте ұсынылған.

Букмекердің ресми бренд-амбассадоры - UFC жұлдызы Конор Макгрегор. Брендтің ресми серіктестері «Лестер Сити» ФК, «Эвертон» ФК және «Ювентус» ФК. Сонымен қатар, Parimatch Dota 2 бойынша Virtus.pro киберспорттық команданың, CS:GO бойынша Fnatic командасының титулды демеушісі және ТМД аймағындағы UFC-дің эксклюзивті беттинг-серіктесі болып табылады.

Parimatch брендінің Қазақстандағы өкілдері: MMA жекпе-жекшісі Артем Резников, «Кайрат» АФК-ның қақпақшысы Лео Игита, волейболшы Татьяна Демьянова мен боксшы Ангелина Лукас.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1926216-otbasym-avtokolik-utyp-alganyma-senbedi-tort-azamat-su-zana-leksustyn-iesi-atandy/

pixel