Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жоқшылықты көп көрдім": Нұрислам Санаев қомақты сыйақысын науқас балалар мен мұқтаждарға аударатынын айтты

Опубликовано:

Нурислам Санаев
Нурислам Санаев. Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаев мемлекет тарапынан берілген сыйақыны науқас балалар мен мұқтаж жандарға жұмсамақшы. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Токио төрінде Санаев 57 келіге дейінгі салмақта белдесті.

"Құрметті достар!
Қазақстанда спортпен айналысамын деген адамға бар мүмкіндік қарастырылған. Бұл президентiмiздiң спортқа деген оң көзқарасының нәтижесі...
Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарға қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді.
Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын.
Бүгінде сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!", - дейді ол өзінің instagram парақшасында.

Айта кетелік, Нұрислам Санаев 2014 жылдан бері Қазақстанға ауысып келген. Ресейдің Тыва аймағында туған. 2018 жылғы әлем біріншілігінің күміс, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1927145-zoqsylyqty-kop-kordim-nurislam-sanaev-qomaqty-syiaqysy-nauqas-balalarga-audaratynyn-aitty/

pixel