Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі футболшы Герд Мюллер қайтыс болды

Опубликовано:

Герд Мюллер
Герд Мюллер. Фото: Micha Will/Bongarts/Getty Images

Германия құрамасы мен "Баварияның" бұрынғы шабуылшысы Герд Мюллер 76 жасында қайтыс болды. Бұл туралы мюнхендік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Спортшының нақты неден қайтыс болғаны хабарланбаған. Дегенмен, Мюллер өмірінің соңғы жылдарында альцгеймер ауруына шалдыққаны белгілі.

Герд Мюллер әлем және Еуропа чемпионы атанған. Үш мәрте Еуропа чемпиондарының кубогын алып, Германия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы болған. Сондай-ақ екі рет "Алтын бутсы" және бір рет "Алтын допты" алған.

Одан бөлек, Мюллер "Бавария" (523 гол) және Бундеслига (365 гол) тарихындағы ең үздік бомбардир саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1927274-aigili-futbolsy-gerd-myuller-qaitys-boldy/

pixel