RU

Қазақстандық паралимпиадашылар Токиода өтетін ойындарға аттанды

Паралимпиадашылар
Фото: instagram.com/kazparalympics

Қазақстанның паралимпиада командасы Токиодағы жазғы ойындарға аттанды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық паралимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді.

Токиодағы ойындарға Қазақстан атынан 25 атлет қатысады. Біздің спортшылар жүзу, дзюдо, пауэрлифтинг, таеквондо, жеңіл атлетика, каноэ және оқпен ату бойынша сайысқа түседі.

Еске сала кетсек, бұған дейін 24 шілде мен 8 тамыз аралығында жазғы ХХХІІ Олимпиада ойындары өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан 8 қола медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 83 орынға жайғасқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1928154-qazaqstandyq-paralimpiadasylar-tokioda-otetin-oiyndarga-attandy/