RU

"Даяшымен жанжалдасқан": Орта салмақтағы әлем чемпионы қамауға алынды

Джермалл Чарло
Джермалл Чарло. Фото: instagram.com/twincharlo

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, америкалық боксшы Джермалл Чарло Сан-Антониодағы барлардың бірінде даяшымен жанжалдасқаны үшін қамауға алынды деп жазады Fightnews.info.

Басылымның ақпаратынша, оқиға 16 шілдеде, ағасы Джермелла Чарлоның Брайан Кастаньомен жекпе-жегінен бір күн бұрын болған.

Джермалл Сан-Антониодағы ғимараттардың бірінде кішігірім кеш ұйымдастырған. Даяшы боксшыға есепшотты берген кезде ол несие картасымен төлей алмапты.

Осылайша, даяшымен жанжалдасып қалған Чарло есепшотты тартып алып, дереу бардан кетіп қалған.

Құқық қорғау органдарымен сөйлескен бар қызметкерінің сөзінше, Чарлоның достары ғимараттан қашып бара жатқан сәтте ол аяғын аздап ауыртып алған.

Полиция қызметкерлері спортшыны қамауға алу туралы ордер алған. Қазіргі уақытта Джермалл Чарлоның қорғаушылары оны кепілақымен босату үшін арыз дайындауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1929006-dayasymen-zanzaldasqan-orta-salmaqtagy-alem-cempiony-qamauga-alyndy/