Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Паралимпиада чемпионы атанған Давид Дегтяревті жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Давид Дегтярев
Давид Дегтярев: paralympic.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы жүлдені салған Давид Дегтяревті жеңісімен құттықтады.

"Давид Дегтяревті Токиода өтіп жатқан XVI Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтаймын. Бұл алтын медаль – керемет жетістік және табанды жаттығулар мен мұқалмас ерік-жігердің жемісі. Давидке жаңа табыс, ал Паралимпиададағы Қазақстанның барлық спортшыларына сәттілік тілеймін", - деп жазды президент Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Давид Дегтярев пауэрлифтингтен XVI Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанып отыр.

Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид 174 келіні бағындырды.

Күміс жүлдені Франция өкілі А. Боурлон, қола медальді Грекия өкілі Д.Бакохристос иеленді.

Бұл биылғы Паралимпиада ойындарындағы Қазақстан командасының алғашқы жүлдесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1929097-prezident-paralimpiada-cempiony-atangan-david-degtyarevti-quttyqtady/

pixel