RU

Паралимпиада күміс жүлдегері Сариевке берілетін сыйақы көлемі белгілі болды

Әнуар Сариев
Әнуар Сариев. Фото: Қазақстан Паралимпиада комитеті

Қазақстандық дзюдошы Әнуар Сариев әлемдік додада еншілеген күміс медалі үшін сыйақы алады деп хабарлайды Sports.kz.

Паралимпиадаға қатысқан спортшыларға берілетін сыйлық мөлшерінің олимпиадалық құрама спортшыларына төленетін төлемнен айырмашылығы жоқ.

Осылайша, Ануар Сариев 150 мың доллар сыйақы алады.

Ширек финалда Сариев моңғол спортшысы Ядамдори Сухбаатарды жеңді, ал жартылай финалда венесуэлалық Деннис Маркос Бланкодан басым түсті.

Шешуші айқаста қазақстандық Әзірбайжан спортшысы Вугар Ширинлиден ұтылып, күміс медальға ие болды.

Бір күн бұрын пауэрлифтингші Давид Дегтярев алтын медальді жеңіп алды. Чемпион 250 000 доллар сыйақыға ие болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1929300-paralimpiada-kumis-zuldegeri-anuar-sarievtin-syiaqy-kolemi-belgili-boldy/