Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Токиода жүлдегер атанған паралимпиадашыларды марапаттады

Опубликовано:

паралимпиадашылар
Қазақстанның паралимпиада құрамасы. Фото: paralympic.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына жүлде салған паралимпиадашыларды марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін:

Дегтярев Давид Мамиевич ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен;

Байбатина Зарина Боранбайқызы, Дәулет Теміржан Серікұлы, Сариев Ануар Берікұлы "Парасат" орденімен;

Жұмағали Нұрдәулет Мақсұтұлы "Құрмет" орденімен марапатталды.

Айта кетсек, Қазақстанның паралимпиада құрамасы Токиодағы Жазғы Паралимпиада ойындарында бес медаль иеленді.

Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын, Дәулет Теміржан, Зарина Байбатина, Ануар Сариев парадзюдодан күміс және Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола медаль алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1930705-toqaev-tokioda-zuldeger-atangan-paralimpiadasylardy-marapattady/

pixel