RU

"Сыйластықтан басқа ештеңе жоқ": Головкин әйгілі Арнольд Шварценеггермен кездесті

Арнольд Шварценеггер, Геннадий Головкин
Арнольд Шварценеггер, Геннадий Головкин: Instagram

Қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин әйгілі Голливуд жұлдызы, "Терминатор" фильмімен танылған Арнольд Шварценеггермен кездесті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Головкин барша әлемге танымал актермен түскен суретін Instagram желісіне жариялады. "Сыйластықтан басқа ештеңе жоқ", - деп жазды боксшы.

Кино әлемінде, спортта және саясатта табысты болған Арнольд Шварценеггер мен қазақстандық кәсіби бокс жұлдызы Геннадий Головкиннің фотосын желі қолданушылары жылы қабылдады.

Жанкүйерлер "Екеуі де аңыз адам", "Керемет" деген сыңайдағы пікірлерін жаудырған.

Айта кетелік, Геннадий Головкин жартылай орта салмақта Қазақстаннан шыққан кәсіби боксшы. Ол әуесқой бокста Олимпиаданың күміс жүлдегері (2004) және әлем чемпионы (2003) атанды.

Ал кәсіби бокста IBF, IBO нұсқалары бойынша екі дүркін әлем чемпионы. Орта салмақтағы титулдық жекпе-жектерде он боксшыдан басым түскен. The Ring журналының таңдауы бойынша, салмақ дәрежесінен тыс әлемнің үздік боксшысы атағын иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1930726-syilastyqtan-basqa-estene-zoq-golovkin-aigili-arnold-svarceneggermen-kezdesti/