RU

Елордада Жақсылық Үшкемпіровке ескерткіш ашылды (фото)

Балуан
Фото: Асхат Оралов/Facebook

Даңқты балуан, қазақ жастары арасында тұңғыш Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровке Нұр-Сұлтан қаласында орнатылған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Бүгін Елорда төрінде даңқты палуан, қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, КСРО-ның екі дүркін жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіровтің ескерткішін аштық.

Жақсылық Әмірәліұлы ағамыз ұзақ жылдар бойы еліміздің отандық спортын дамытуға өлшеусіз қызмет етіп, орасан жетістіктер әкелді. Жас ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиеледі, талай дарындардың бағын ашты, көптеген игі істердің ұйытқысы бола білді.

Биыл Нұр-Сұлтанда Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтардың мүсіндері бой көтерді. Даңқты батыр Талғат Бигелдинов, дәулескер күйші Дина Нұрпейсова, мемлекет қайраткері Жұмабек Ташеновтің де тұлғалары елордамызда ұлықталды. Ескерткіштері бой көтерді.

Енді міне, елорданың рухани кеңістігі тағы бір ұлт мақтанышының ескерткішімен толысып отыр.

Ел абыройын асқақтататын Жақсылық ағадай елiмiздiң азаматтары көбейе берсін", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1931033-elordada-zaqsylyq-uskempirov-eskertkisi-asyldy-foto/