Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол менің үлкен ағам": Жәнібек Әлімханұлы Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) әйгілі отандасы Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізу туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды Sports.kz.

"Жанкүйерлер менен "неліктен GGG-ді жекпе-жекке" шақырмайсың деп сұрайды. Жауап берейін. Ол менің үлкен ағам. Қазақстанда үлкендерді сыйлау керек - бұл біздің дәстүр. Кейбір жанкүйерлер мұны түсінбеуі мүмкін. Бірақ дәстүрді құрметтеу керек екенін бәрі біледі. Бұл - қазақы стиль!", - деп жазды Әлімханұлы Twitter -де.

Айта кетсек, Геннадий Головкин - IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Жәнібек Әлімханұлы да осы дивизионда.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы бірнеше рет өз салмағындағы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырған болатын.

"Мен чемпиондық жекпе-жек өткізгім келеді. Қазіргі уақытта WBO рейтингінде 2-орында тұрмын. Мунгуия болса бірінші сатыда. Олардың менімен жұдырықтасуға келіспейтінін білемін. Өйткені оларды нокаутқа жіберетінімді жақсы біледі. Ал Андраде? Ол қайда? Маған WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулы қажет", - деген еді қазақстандық боксшы.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шақырған мықтылардын арасында әйгілі мексикалық боксшы Сауль Альварес те бар.

Жалпы отандасымыз кәсіпқой боксқа ауысқалы бері 10 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соңғы рет ол америкалық боксшы Роб Брантты тізе бүктірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1932078-ol-menin-ulken-agam-zanibek-alimxanuly-nelikten-golovkinmen-zekpe-zekke-syqpaitynyn-aitty/

pixel