Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр атлетикадан Қазақстан және Азия чемпионы 25 жасында өмірден өтті

Опубликовано:

Альберт Линдер
Альберт Линдер. Фото: Facebook / Ауыр атлетика федерациясы

Бүгін түнде талантты спортшы, ауыр атлет Альберт Линдер 25 жасында өмірден өтті. Қаралы хабар жайлы Қазақстан ауыр атлетика федерациясы хабарлады.

"Альберт - жастар арасындағы әлем чемпионы, Азия чемпионы, Универсиада жеңімпазы әрі рекордшысы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Ол табандылық, тәртіп пен өз ісіне деген сүйіспеншілік арқылы қандай керемет жетістіктерге қол жеткізуге болатындығын көрсетті.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ұжымы спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Спортшының нақты неден қайтыс болғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1932510-qazaqstannyn-birnese-durkin-cempiony-bolgan-auyr-atlet-qaitys-boldy/

pixel