Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауыр атлет Альберт Линдердің өлімінен соң оның бас бапкері қызметінен шеттетілді

Опубликовано:

Альберт Линдер
Альберт Линдер. Фото: Facebook / Ауыр атлетика федерациясы

Жуырда өзіне өзі қол салған ауыр атлет Альберт Линдердің өліміне әріптестері спортшының бас бапкері Сергей Седовты кінәлап, оны қысым жасады деп айыптаған болатын. Аталған іс бойынша Ауыр атлетика федерациясы арнайы комиссия құрды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі федерациясы сайтына сілтеме жасап.

"Істі зерттеу кезінде комиссия 2021 жылдың 28 қыркүйегінен бастап ауыр атлетикадан ерлер арасындағы Қазақстан құрама командасының бас бапкері Сергей Седовты жағдайдың мән-жайы анықталғанша және қызметтік тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссияның қорытындысы шыққанша қызметінен шеттету туралы шешім шығарды", - делінген сайттағы ақпаратта.

Комиссия құрамына:

- Стерликов А.А. (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері; I халықаралық санаттағы спорт төрешісі);

- Соловьева О. (I халықаралық санаттағы спорт төрешісі);

- Подобедова С. (Ауыр атлетика бойынша екі мәрте әлем чемпионы, ҚР Спортшылар одағының мүшесі);

- Нуралинов А.Д. (ҚР Ауыр атлетика федерациясының атқарушы директоры).

Комиссия төрағасы болып ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының мемлекеттік бапкері Тапсир Меңдіхан тағайындалды.

Еске салсақ, 17 қыркүйек күні талантты спортшы, ауыр атлет, Ауыр атлетикадан Қазақстан және Азия чемпионы Альберт Линдер 25 жасында өмірден өткен болатын.

Жас спортшының өлімінен кейін қазақстандық ауыр атлеттер баспасөз конференциясын өткізіп, Альбертке бапкері Сергей Седов қысым көрсеткенін мәлімдеген.

Альберт Линдердің өліміне қатысты Алматы облысының полиция департамендінде қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1934537-auyr-atlet-albert-linderdin-oliminen-son-onyn-bas-bapkeri-qyzmetinen-settetildi/

pixel