Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ералы Тоғжанов спорт бапкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде тапсырма берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов спорт бапкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы вице-премьер Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас Ассамблеясының отырысында сөз қозғады.

Оның айтуынша, елімізде бүгінде бапкерлер даярлау ісі өзекті болып тұр.

"Ұлттық олимпиада комитеті мәдениет және спорт министрлігімен, білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, жоғары оқу орындарында жаңа білім бағдарламаларын дайындауға атсалысуы керек. Сонымен қатар, министрлікке бапкерлерді қолдау, оның ішінде жалақысын көтеру бойынша ұсыныс дайындау қажет" деді премьер-министрдің орынбасары.

Одан бөлек, Ералы Тоғжанов келесі жылдың ақпан айында Қытайдың Бейжің қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында спортшылардың табысты өнер көрсетуін қамтамасыз ету керектігін жеткізді.

"Бұл мәселені жуықта Үкіметте талқылағанбыз. Федерация басшыларымен бұл жөнінде жеке кездесу өткіземіз", - деді үкімет басшысының орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1934542-eraly-togzanov-sport-bapkerlerinin-zalaqysyn-koteru-zoninde-tapsyrma-berdi/

pixel