RU

Ертең Арман Әшімов NFC 34 турнирі аясында октагонға шығады

Арман Әшімов1
Фото: instagram.com/ashimovarman

3 қазанда Алматыда аралас жекпе-жектен Naiza Fighting Championship 34 турнирі өтеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік боксшы Серік Разгалиев бразилиялық Лима Новайспен кездеседі.

Негізгі жекпе-жекте қазақстандық Арман Әшімов әзірбайжандық Серхан Валилимен жұдырықтасады.

ТМД елдері мен Бразилиядан барлығы 26 спортшының қатысуымен 13 кездесу жоспарланған.

Naiza Fighting Championship 34 турнирі ертең Almaty Arena спорт кешенінде өтеді. Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1935057-erten-arman-asimov-nfc-34-turniri-ayasynda-oktagonga-sygady/