RU

"Қазақтарды тізе бүктіреміз": Жұмағұловпен жұдырықтасатын Манель Капе мәлімдеме жасады

Манель Капе
Манель Капе. Фото: instagram.com/manelkape/

4 желтоқсанда Лас-Вегастағы шаршы алаңда қазақстандық Жалғас Жұмағұловпен кездесетін анголалық аралас жекпе-жекші Манель Капе мәлімдеме жасады. Ол қарсыласына сес көрсетіп, Instagram желісінде жазба қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Осыған дейін Жұмағұловты "бешбармаққа" теңеп, мазақ еткен Капе бұл жолы да үнсіз қалмады.

Ол желідегі парақшасында жекпе-жекке дайындалып жатқанын көрсетіп, қарсыласына сес көрсеткен.

"Оң жақ тізенің қаншалықты қауіпті екенін білесіздер ғой. 4 желтоқсанда қазақтарды тізе бүктіреміз", - деп жазды Манель.

Айта кетейік, Манель Капе мен Жалғас Жұмағұловтың кездесуі 4 желтоқсан күні Лас-Вегастағы UFC турнирінде өтеді. Анголалық жекпе-жекші ММА-де 16 мәрте жеңіп, 6 кездесуде жеңілген.

Ал Жалғас Жұмағұловтың қоржынында 14 жеңіс пен 5 жеңіліс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1937302-qazaqtardy-tize-buktiremiz-zumagulovpen-zudyryqtasatyn-manel-kape-malimdeme-zasady/