Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алғаш рет асық атудан халықаралық дәрежедегі атақ берілмек

Жарияланған күні:

асық ату
Көрнекі фото: ortalyq.kz

Қазақстанда алғаш рет асық атудан спорт шебері атағы беріле бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Асық ату ойындары федерациясының президенті Ескендір Рахметов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Биылғы жылғы мамырдағы Мәдениет және спорт министрінің тиісті бұйрығына сәйкес елімізде алғаш рет асық ату ойындары бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері және Қазақстан Республикасының спорт шебері атағы беріле бастады.

Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі разряд атақтар берілетін болады. Бұл өз кезегінде ұлттық ойынымыз асықтың дамуына жаңа серпін берді деп айтуға болады. Себебі қазірдің өзінде оқушылар арасында ойынға қызығушылық артып, ұлттық ойынның танымалдығы өсуде", - дейді Асық ату ойындары федерациясының президенті.

Бұл бұйрық шыққаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласының 10 асықшысы Қазақстан Республикасының спорт шебері және 12 жас спортшы спорт шеберіне үміткер болған.

Ескендір Рахметовтың айтуынша, ендігі мақсат асықтан Азия чемпионатын ұйымдастыру.

"Бұл халықаралық шараны ұйымдастыру үшін тағы 4 мемлекет яғни Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Әзербайжан сынды елдер Асық ату федерацияларын ашуы керек. Қазіргі кезде Моңғолияда, Якутияда, Қырғызстанда және Қазақстанда асық ойындары федерациялары бар", - деп толықтырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1937736-qazaqstanda-algas-ret-asyq-sportynan-xalyqaralyq-darezedegi-ataq-berilmek/