Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тағы үш боксшымыз жүлдеге жақындады": Күндізгі сессияның қорытындысы

Опубликовано:

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов: kfb.kz

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін күндізгі сессияда үш қазақстандық спортшы шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

57 келідегі Серік Теміржанов үндістандық Рохит Морды 4:1 есебімен ұтып, келесі айналымға өтті.

67 келідегі Абылайхан Жүсіпов польшалық Дамиан Дуркачтан 5:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, 75 келідегі Нұрқанат Райыс ауғансандық Сүлейман Асланиді айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша, күндізгі сессияда жұдырықтасқан үш қазақстандық боксшы да ширек финалға жолдама алды. Олар жартылай финал жолдамасына таласатын болады.

Бүгін кешкі сессияда тағы үш қазақстандық боксшы жұдырықтасады. Олар - Сәкен Бибосынов (52 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі).

Кешкі сессия Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1940007-tagy-us-bokssymyz-zuldege-zaqyndady-kundizgi-sessiyanyn-qorytyndysy/

pixel