RU

"Екінші алтын": Сәкен Бибосынов бокстан әлем чемпионы атанды

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов: kfb.kz

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны екінші алтынмен толықты. Сәкен Бибосынов 51 келіде әлем чемпионы атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сәкен Бибосынов финалда америкалық Роско Хилл есімді боксшымен кездескен болатын.

Жекпе-жек толығымен қазақстандық боксшының басымдығымен өтіп, Бибосынов 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Сәкен Бибосынов 2019 жылы Екатеринбургте өткен әлем чемпионатындағы қола жүлдесін араға екі жыл салып алтынға алмастырды.

Биылғы маусым Сәкен үшін сәтті өтті деуге негіз бар. Бұған дейін ол Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын.

Бұл Қазақстанның осы әлемдік сындағы екінші алтыны. Кешегі жарыс күнінде Теміртас Жүсіпов чемпион атанса, Махмұд Сабырхан күміс медаль иегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1940909-saken-bibosynov/