Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатынан оралды

Опубликовано:

Боксшылар
Сәкен Бибосынов. Фото: Сали Сабиров/ Қазақстан ҰОК

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатынан оралды. Отандық спортшыларды жанкүйерлер елорда әуежайында ыстық ықыласпен күтіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Сербия астанасы Белградта өткен додадан екі алтын, екі күміс пен бір қола жүлде еншіледі.

Боксшылар
Теміртас Жүсіпов. Фото: Сали Сабиров/ Қазақстан ҰОК

Осылайша, медаль саны бойынша Кубадан кейінгі екінші орынға табан тіреді.

Қайрат Сәтжанов
Қайрат Сәтжанов. Фото: Сали Сабиров/ Қазақстан ҰОК

Белградтағы біріншілікте алтын жүлдені Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов алса, Серік Теміржанов пен Махмұд Сабырхан күміс медаль иегері атанды.

Серік Теміржанов
Серік Теміржанов. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Ал құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов қола медальді қанағат тұтты. Осылайша, ол әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды.

Абылайхан Жүсіпов
Абылайхан Жүсіпов. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

1
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941019-bokstan-qazaqstan-ulttyq-quramasy-alem-cempionatynan-oraldy/

pixel