Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қомақты қаржы, жылжымайтын мүлік: Әлем чемпионы атанған Бибосынов қандай сыйлықтарға ие болды

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов. Фото: olympic.kz

Сербияның астанасы Белградта өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Сәкен Бибосынов бірқатар сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ашық дереккөздерде тараған ақпаратқа көз жүгіртсек, былғары қолғап шебері 100 мың доллар көлеміндегі AIBA-ның сыйақысын, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтан 70 мың доллар, мәдениет және спорт министрлігінен 6 миллион теңге алған. 

Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Токио олимпиадасының қола жүлдегері мен әлем чемпионына Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беруді тапсырған. 

Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан командасы 5 медаль жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын алса, Сабырхан Махмұд (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола медаль иеленді.

Жалпы командалық есепте Қазақстан екінші орыннан көрінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1941742-qomaqty-qarzy-zylzymaityn-mulik-alem-cempiony-atangan-bibosynov-qandai-syilyqtarga-ie-boldy/

pixel