Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франциядан 8:0 есебімен ұтылған Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліске не себеп болғанын айтты

Опубликовано:

Талғат Байсуфинов
Талғат Байсуфинов. Фото: prosports.kz

Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңін қорытындылады. Осы ретте ол отандық футболшылардың Франциядан 0:8 есебімен ойсырай жеңілуіне не себеп болғанын айтты, деп жазады Prosports.kz.

"Ең алдымен барша жанкүйерлерден, халықтан кешірім сұраймын. Команданың бас бапкері ретінде нәтижеге толық жауаптымын. Ойыншыларға сіздердің қолдауларыңыз керек деп ойлаймын, өйткені бізде басқа команда жоқ. Франция кіл мықтысын алаңға шығарып, барын салғанын көрдіңіздер. Алғашқы минуттардан-ақ олар үш шабуылшымен шығып, нәтиже көрсетті", - деді Талғат Байсуфинов

Оның сөзінше, Франциямен өтетін ойынша бірнеше ойыншы қатыса алмай, елде қалған.

"Мәселен, Абзал Бейсебеков Тәжікстанмен өтетін кездесуге дайындалды. Бірақ кейін бізге ота жасау керек екенін айтты. Тағыбергеннің тізесі ауырып, Францияға бармады, Малый да микротравма алған. Қазір олар дайындалып жатыр, ертеңгі ойынға қатысуы керек. Оның үстіне, сапар ұзақ болды. Бір орында біраз уақыт тапжылмай отыру жарақаты бар футболшы үшін оңай емес. Дәрігерлермен кеңестік, олар ойыншылардың елде қаланын құп көрді. Зайнутдинов та келді. Ойын біткен соң Щеткинге шұғыл телефон соғып, Тәжікстанмен кездесуге шақыруға тура келді. Басқа амал жоқ, футболшылар жетіспейді", - деді бас бапкер.

Осы ретте Байсуфинов әлем чемионатының іріктеуінде ірі есеппен жеңілмей, лайықты өнер көрету - спортшылардың басты міндеті болған.

"Мен бас бапкер қызметіне тағайындалғанда нақты стратегия әзірленді. Қарсыластарымыздың мықтылығын білгендіктен, бұл жағдайды пайдаланбауға қақымыз жоқ еді. Ең бірінші міндет осы іріктеуде ірі есеппен жеңілмей, лайықты өнер көрсету болды. Алайда Франциямен соңғы ойын сәтсіз аяқталды. Өте өкінішті. Барша жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Дегенмен, көзге көрініп тұрған мұның бірнеше себептері бар. Қарсыластың деңгейі де өте жоғары.

ҚФФ басшылығының екінші тапсырмасы – құрамды жаңарту болды. Ұзақ жылдан бері командадағы футболшылар ауысқан жоқ. Бізге жаңа ойыншылар керек болды. Біз өз тарапымыздан жауапкершілікті толық түсіндік. Іріктеу отандық футболдағы бар проблеманы көрсетіп берді. Бізде резерв жоқ. Федерация басшылығы бұл мәселені көріп, қажетті шараларды қабылдайтынына сенімдімін. Ол үшін Қазақстан чемпионатында, атап айтқанда, регламентте бір нәрсені өзгерту керек деп ойлаймын. Біз жергілікті футболшыларымызға көмектесуіміз керек. Жастарды қолдау қажет. Жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Нұрдәулетовпен үнемі хабарласып тұрамыз.

Шақыратын футболшыларының үшеуі ғана өз клубтарында ойнап жүр. Клубта алаңға шықпай жүрген ойыншыдан құрама сапында қандай нәтиже күтеміз? Біздің футболшылар бұл деңгейде ойнауға әлі дайын емес екенімізді жақсы түсінеді. Сондықтан мен ойыншыларымызға қолдау көрсетуді ұсынамын. Жеке басқа тиісудің қажеті жоқ. Деңгей осы, бұдан артыққа шама келмейді. Франциямен ойынды есепке алмасақ, іріктеудегі нәтижеміз жаман емес. Футболшылар шетел асып кете алмаса, онда Қазақстан чемпионатында тұрақты, бәсекелестік ортада ойнауы керек", - деді Байсуфинов.

Сондай-ақ, ол жауапкершілікті өз мойнына алатынын, дегенмен спортшыларға қолдау көөрсету қажет екенін айтты.

"Мені бас бапкер ретінде көргісі келмейтіндерге айтарым: менің келісімшартым осы жылдың желтоқсан айында аяқталады. Орыныма жабысып отырған жоқпын. Жаңа бас бапкер келсе, мен оған ойыншылардың мінездемелері бойынша көмектесуге дайынмын", - деп қорытындылады Байсуфинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1942335-franciyadan-80-esebimen-utylgan-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-zeniliske-ne-sebep-bolganyn-aitty/

pixel