Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рейтинг жаңартылды: Головкин мен Әлімханұлы қай сатыда тұр

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Mikey Williams/Top Rank Inc via Getty Images

The Ring журналы кәсіпқой бокстың барлық салмақ санаты бойынша соңғы рейтингті жария етті, деп жазады Sports.kz.

IBF/IBO чемпионы Геннадий Головкин орта салмақтағы бірінші орынды сақтап қалған.

Үздік үштікте WBC белбеуінің иегері Джермалл Чарло мен WBO чемпионы Деметриус Андраде тұр.

Қазақстанның тағы бір өкілі Жәнібек Әлімханұлы жетінші орында.

Ал мексикалық Хайме Мунгия WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы жапониялық Риота Муратаны ығыстырып, алтыншы орыннан бесінші орынға көтерілді.

The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтың үздік 10 бокшысы:

1. Геннадий Головкин (Қазақстан)

2. Джермалл Чарло (АҚШ)

3. Деметриус Андраде (АҚШ)

4.Сергей Деревянченко (Украина)

5. Хайме Мунгия (Мексика)

6. Риота Мурата (Жапония)

7. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

8. Кіші Крис Юбэнк (Ұлыбритания)

9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания)

10. Феликс Кэш (Ұлыбритания).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1942393-reiting-zanartyldy-golovkin-men-alimxanuly-qai-satyda-tur/

pixel