Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді (видео)

Опубликовано:

Жан Кособуцкий
Фото: Sports.kz

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде доминикандық Алексис Гарсияны (10-1, 7 КО) жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Аса ауыр салмақтағы кездесу 10 раундқа жоспарланған.

Алайда отандасымыз төртінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша Жан Кособуцкий кәсіпқой бокстағы 17-жеңісіне қол жеткізді. Сонымен қатар, ол аса ауыр салмақта берілетін WBC International Silver титулын иеленді.

Ал Алексис Гарсияға келсек, доминикандық боксшы кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Жан Кособуцкийді WBC International Silver титулын бөлек, IBO Inter-Continental және WBA International чемпиондық белбеулері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1943176-zan-kosobuckii-kasipqoi-bokstagy-kezekti-zenisine-qol-zetkizdi/

pixel