Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сербиялық маман "Астана" футбол клубының бас бапкері болды (фото)

Опубликовано:

Срджан Благоевич
Фото: ФК Каспий

Сербиялық маман Срджан Благоевич "Астана" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұл туралы елордалық клуб Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

"Сербиялық маман Срджан Благоевич "Астана" футбол клубымен келісімшартқа отырды. Благоевич өз елінде түрлі клубтарды жаттықтырған және тәжірибесі мол. Жұмыс істеген соңғы командасы ақтаулық "Каспий", бұл команданың тізгінін екі жыл ұстап, ұжымды жоғары деңгейге шығара алды.

"Астана" футбол клубының ұжымы жаңа бапкердің келгеніне қуанышты және елорда командасындағы жұмысында сәттілік пен үлкен жеңістер тілейді", - дейді клубтың баспасөз қызметі.

"Астана" футбол клубы Срджан Благоевичпен екі жылға келісімшартқа отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1943207-serbiyalyq-maman-astana-futbol-klubynyn-bas-bapkeri-boldy-foto/

pixel