RU

"Қайрат" Құрбан Бердыевтың жалақысы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Құрбан Бердыев
Құрбан Бердыев. Фото: Getty Images

"Қайрат" футбол клубы команданың бас бапкері Құрбан Бердыевтың жалақысы жөнінде қауесетке қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ команданың сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Metaratings.ru сайты жазғандай, маманның жалақысы жылына 600 мың долларды құрайды.

"Бұл Қазақстан премьер лигасындағы ең көп жалақы алатын бапкер", – деп жазады басылым.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында және басқа да ақпарат көздерінде "Қайрат" ФК бас бапкері Құрбан Бердыевтың жалақысы туралы ақпарат тарады.

"Қайрат" футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді, сонымен қатар, еңбек шартының талаптарының құпиялылығына байланысты маманның нақты табысын жариялау дұрыс емес деп санайды.

Жанкүйерлер мен БАҚ өкілдерінен ресми ақпаратқа назар аударып, алматылық клубтың имиджіне нұқсан келтіретін хабарламалардан аулақ болуды сұраймыз ", – делінген "Қайрат" ФК мәлімдемесінде.

Еске салайық, Құрбан Бердыев "Қайратқа" 2021 жылдың тамыз айынан бастап баскерлік етіп келеді. Команда чемпионатты үшінші орынмен аяқтап, футболдан Қазақстан кубогының финалына шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1943298-qairat-qurban-berdyevtyn-zalaqysy-turaly-aqparatty-zoqqa-sygardy/