Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кінәлі емеспін": Шавкат Рахмонов өзін қазақ тілінде таза сөйлемегені үшін сөгетіндерге жауап берді

Опубликовано:

Рахмонов
Фото: Sports.kz

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмонов журналист Игорь Лазоринге берген сұхбатында қанша тіл білетінін айтты, сонымен қатар өзін қазақ тілінде таза сөйлемегені үшін сөгетін жанкүйерлеріне жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.

"Маған ағылшын тілінде айтқандарды түсінемін, алайда сөйлей алмаймын. Орыс тілін де еркін сөйлемеймін. Үш тілді меңгердім және өзбек тілін де білемін. Өзбекстанда туып өскендіктен өзбек тілінде еркін сөйлеймін. Қазақстанға алғаш келгенде тіпті, қазақ тілін білмедім. Мен өзге елде туғаныма кінәлі емеспін. Маған көп адамдар "сен қазақсың ғой, неге таза қазақ тілінде сөйлемейсің" деп айтады. Оларға Өзбекстанда 15 жыл тұрғанымды, акцент бар екенін түсіндіремін", - дейді Шавкат Рахмонов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін спортшы өзінің ұлтына қатысты қойылатын сауалдарға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/1943897-kinali-emespin-savkat-raxmonov-ozin-qazaq-tilinde-taza-soilemegeni-usin-sogetinderge-zauap-berdi/

pixel