Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин бокстағы мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын мәлімдеді

Опубликовано:

Генадий
Фото: Instagram/gggboxing

Геннадий Головкин бокстағы мансабын аяқтағаннан кейінгі жоспарларын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

GGG Риота Муратамен кездесуден кейін Қазақстанға келіп, жаңа жылды отбасымен қарсы алуды ойластырып отыр.

Оның сөзінше, жапониялық былғары қолғап шеберімен өтетін жекпе-жек маңызды болғандықтан, басқа нәрселерді жоспарлауға уақыт жоқ.

Сонымен қатар, отандық боксшы кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтауға қатысты сұраққа жауап берді.

"Мен әлі кәсіпқой бокста өнер көрсетемін, сондықтан бұл сұраққа жауап беруге дайын емеспін. Бірақ бұл мен үші жаңа бастама болары анық. Кейбіреулерлердің "40 жаста өмір енді ғана басталады" дегеніне құлақ асу керек сияқты. Сол себепті менде көп бітпеген шаруалар бар. Ең алдымен отбасыммен өмірден ләззат алу менің басымдылығым болмақ. Бір шаңырақтың отағасы болғандықтан, қарбалас күндерімнің көп болатыны түсінікті", - деді Генадий Головкин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1943920-golovkin-bokstagy-mansabyn-ayaqtagan-son-nemen-ainalysatynyn-malimdedi/

pixel