Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19-дың жаңа штамы тарап жатыр: Головкиннің алдағы жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін бе

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Фото: Ethan Miller/Getty Images

Boxingscene.com журналисі Кит Айдек боксшы Геннадий Головкиннің командасы коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Жапония билігінің елге шетелдіктердің кіруіне тыйым салуын қалай қабылдағанын айтты. Бұл туралы Sports.kz жазады.

29 желтоқсанда Жапонияның Сайтама қаласында IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA Super чемпионы Риота Муратамен жұдырық түйістіреді.

Кит Айдектің мәліметінше, Головкин Жапониядағы жекпе-жек өтетініне үміттеніп отыр.

"Маған Головкин Голливудта, Флорида штатында әдеттегідей күніне екі мәрте жаттығуды жалғастыратынын айтты. Оның командасы ең нашар сценарий бола қалған жағдайда Головкин Жапонияға жоспарланған мерзімнен ертерек ұшып барып, карантинде ұзағырақ болады деп үміттенеді", - дейді Айдек Twitter парақшасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін жапониялық Chunichi Shimbun басылымы Геннадий Головкин мен Риота Мурата арасындағы жекпе-жектің бюджеті туралы ақпарат ұсынған еді.

"Бұл кездесу Жапония боксы тарихындағы ең ірі жекпе-жек, оның жалпы бюджеті 15 млрд иеннен әлдеқайда жоғары", - деп жазды басылым.

Дегенмен жапониялық журналист Рё Катаоки бұл көрсеткіш шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Жер бетінде мұндай масштабтағы бокс болған емес", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1944692-covid-19-dyn-zana-stamy-tarap-zatyr-golovkinnin-aldagy-zekpe-zegi-otpei-qaluy-mumkin-be/

pixel