Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы кім екені белгілі болды

Опубликовано:

Данияр Елеусінов
Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Boxrec.com сайтының мәліметінше, Елеусіновтің жаңа қарсыласы болып аргентиналық Хуан Эрнан Леаль таңдалған.

Жекпе-жек он екі раундқа созылады және жартылай орта салмақтағы IBO чемпионы сарапқа салынбақ.

Еске сала кеттейік, 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған кәсіпқой бокс кешіндеотандасымыз мексикалық боксшы Данте Хардонмен жұдырықтасуы керек болатын. Алайда Елеусіновтің қарсыласы жарақатына байланысты кездесуден бас тартты.

Осылайша, Даниярдың қарсыласы ретінде аргентиналық былғары қолғап шебері таңдалып отыр.

Елеусінов пен Леал арасындағы жекпе-жек 18 желтоқсанда елордада өтпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1944775-daniyar-eleusinovtin-kelesi-qarsylasynyn-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel