Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкин 2021 жылы жеке антирекордын тіркеді

Опубликовано:

Былғары қолғап шебері
Фото: Instagram/gggboxing

CBSSports.com журналисі Брент Брукхаус 2021 жыл орта салмақтағы IBF чемпионы Геннадий Головкин үшін сәтсіз болатынын атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы 29 желтоқсанда Жапонияда WBA Super титулының иегері Риота Муратамен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған, алайда күншығыс еліне шетелдіктердің кіруіне тыйым салынғандықтан кездесу кейінге шегерілді.

"Муратамен жекпе-жектің кейінге қалдырылуы 2021 жылдың ресми түрде GGG үшін 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысқаннан бері жекпе-жек өткізбейтін алғашқы күнтізбелік жыл екенін білдіреді. IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы 2020 жылы да тек бір рет жекпе-жек өткізіп, жетінші раундтан кейін рингке шығудан бас тартқан Камил Шереметаны жеңді", - делінген мақалада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1945268-golovkin-2021-zyly-zeke-antirekordyn-tirkedi/

pixel