Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәулет Тұрлыханов басшылық қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Спортшы
Фото: olympic.kz

Азия күрес федерациясының президенті және UWW бюросының мүшесі Дәулет Тұрлыханов Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Күрес федерациясының кезектен тыс конференциясында спорт құрылымының экс-президенті Ерлан Қожасбай қызметінен кету туралы шешім қабылдап, Дәулет Тұрлыхановтың кандидатурасын ұсынды.

Конференцияға қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімімен Тұрлыханов федерация президенті болып сайланды.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрлыханов аталған федерацияның вице-президенті қызметін атқарған.

Дәулет Тұрлыханов – кеңестік және қазақстандық грек-рим күресінің балуаны, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1989), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Сонымен қатар, Дәулет Тұрлыханов 1989 жылғы әлем чемпионы және 1993 жылғы әлем вице-чемпионы, 1995 жылғы Еуропа және Азия чемпионы, Олимпиаданың күміс (1988) және қола (1992) жүлдегері, сегіз дүркін КСРО чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1948725-daulet-turlyxanov-bassylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel