"Қазақстанда тудым": UFC-дің атақты өкілі көптің көкейіндегі сауалға жауап берді

Опубликовано:

ММА
Фото: Instagram/rafael_ataman_fiziev

ММА-дің атақты өкілі, әзірбайжандық Рафаэль Физиев көптің көкейінде жүрген сауалға жауап берді. Бұл туралы спортшы Ариэль Хельваниге берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Oxu.az.

"Атаман" лақа атымен танылған спортшы журналистің "Ұлтыңыз кім" деген сұрағына жауап қайырды.

"Қазақстанда өмірге келдім және 12 жыл Қырғызстанда тұрдым. Шын мәнінде мен әзірбайжанмын", - деп ағынан жарылды ол.

Сонымен қатар, Рафаэль Физиев жекпе жектің алдында киіп шығатын образы туралы да сөз қозғады. Оның сөзінше, бас киімі Әзірбайжаннан екенін аңғартып тұрады екен.

"Бұл біздің тарихымыз, бұл Әзірбайжанның ұлттық бас киімі", - деді ол.

Айта кетейік, Физиев UFC-дегі соңғы айқасында жаңазеландиялық қарсыласы Брэд Ридделден басым түсті. Осылайша, спортшы аралас жекпе жектегі жеңістер сериясын бесеуге жеткізіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1948816-qazaqstanda-tudym-ufc-din-ataqty-okili-koptin-kokeiindegi-saualga-zauap-berdi/