Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Реал Мадридтің" төрт ойыншысы коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Жуниор Винисиус
Фото: championat.com

"Реал Мадрид" футбол клубының ресми сайты негізгі құрамның төрт футболшысы коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футбол клубының дерегінше, қақпашы Тибо Куртуа, жартылай қорғаушылар Федерико Вальверде мен Эдуардо Камавинга және шабуылшы Винисиус Жуниордан коронавирус анықталды.

Бұған дейін "Барселонада" жеті ойыншы, "Валенсияның" негізгі кұрамында төрт ойыншы COVID-19 жұқтырғаны белгілі болған.

"Реал Мадрид" 19 матчта 46 ұпай жинап, 2021/2022 жылғы Испания чемпионатының турнирлік кестесінде 1-орында тұр. Үздік үштікке – "Севилья" (38) және "Бетис" (33) кіреді. Испанияның қазіргі чемпионы – Мадридтік "Атлетико".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1949365-real-madridtin-tort-oiynsysy-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel