Конькимен жүгіруден Бейжің олимпиадасында ел намысын кімдер қорғайды

Опубликовано:

Жарыс
Фото: Olympic.kz

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы Ұлттық олимпиадалық комитетке ресми хат жолдап, квоталарды мақұлдады. Оған сәйкес, Қазақстан құрамасында он екі лицензия бар, деп хабарлайды Olympic.kz. 

ISU шешімі бойынша, конькимен жүгіруден Қазақстан командасына 12 лицензия бөлініп, бес спортшының Олимпиадаға қатысуына мүмкіндік берілді (үш ер адам, екі әйел адам).

Төртжылдықтың басты додасында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды: Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников және Денис Кузин.

"Біз биылғы маусымдағы әлем кубогінің барлық кезеңіне қатыстық. Атлеттеріміздің көрсеткіші жаман емес. Нәтижесінде, біздің қоржынымызға 12 лицензия түсті. Кейбір спортшыларымыз бірнеше қашықтық бойынша жарысады. 

Маусымдағы нәтижелерімізге көңілім толады, спортшыларымыз әлемдік жарыстарда жақсы көрсеткіш тіркеді. Қазақстанның бірнеше рекорды жаңарып, әлем кубогі кезеңі мен төрт құрлық чемпионатынан жүлде алдық. Рейтингілік ұпай берілетін жарыстарда жақсы нәтиде көрсеткініміз қуантады. Қазір Олимпиада қарсаңындағы жаттығуымызды жалғастырып, бабымызды сақтау үшін бар күшімізді салып жатырмыз.

Ерлер арасында 1000 метрге жарысудан Денис Кузин мен Иван Аржаников сынға түседі. Аржаников 500 метрге жарысудан, Дмитрий Морозов 1500 метрі мен масс-старттан бақ сынайды. 

Әйелдер арасындағы бәсекеде Надежда Морозова 1000, 1500, 3000 метрге жарысу және масс-старттан өз күшін сынап көреді. Екатерина Айдова 500, 1000 және 1500 метрде айдынға шығады.

Қазіргі таңда біз елордада, карантин аймағындамыз. Қазір әлемде вирустың жаңа толықыны таралуда, сондықтан, шектеу көп. Осындай сәтте денсаулығымызды сақтау маңызды. Олимпиадаға ешқандай тәуекелсіз жету керек",-  деді бас бапкер Дмитрий Бабенко. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1952567-konkimen-zugiruden-beizin-olimpiadasynda-el-namysyn-kimder-qorgaidy/