Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Қазақстан құрамасына қанша ақша бөлінді

Опубликовано:

Олимпиада
Фото: Olympic.kz

Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бейжің Олимпиадасы үшін Қазақстан құрамасына қанша ақша бөлінгенін жеткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Андрей Крюковтың мәліметінше, Бейжің сапарына 228 млн теңге бөлінген. Алайда сома біршама азырақ болуы мүмкін. Себебі ұйымдастырушылар делегациялардағы қатысушылар санын қысқартып жатыр.

"Олимпиадаға тікелей дайындыққа – шамамен 400 млн теңге бөлінді", - деді Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы.

Айта кетейік, Бейжіңдегі олимпиадалық команда құрамында 34 спортшымыз бақ сынайды. Олар сегіз спорт түрі бойынша жарыс жолына шықпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1952916-beizin-2022-qazaqstan-quramasyna-qansa-aqsa-bolindi/

pixel