Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияда жолдастық матч өткізеді

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасы ақпан айының ортасына қарай Түркияда қазақстандық клубтардың легионерлерінен жасақталған командамен жолдастық матч өткізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында хабарланды.

Талғат Байсуфинов баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы 12 ақпан күні Түркияның Анталья қаласына барады деп жоспарланып отыр.

Ал 13 ақпанда құрама отандық клубтардың легионерлерінен жасақталған ұжымға қарсы жолдастық матч өткізеді.

Федерация мәліметінше, аталған команданы Андрей Карпович пен Самат Смақов жинақтайды деп шешілген.

"Қазақстан құрамасының жанкүйерлері матчты тікелей эфирде көре алады. Кездесудің көрсетілімі қай платформадан таратылатынын және уақытын кейінірек хабарлаймыз", - дейді Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1953124-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasy-turkiyada-zoldastyq-matc-otkizedi/

pixel