Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің олимпиадасы қазақстандық телеарналарда тікелей эфирден көрсетіле ме

Опубликовано:

Олимпиада
Фото: Olympic.kz

Жақында Бейжің қысқы Олимпиадасы басталады. Төрт жылдықтың ірі додасы отандық телеарналарда тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, "Қазақстан" телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы мен "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы 2022 жылғы Қытайда өтетін қысқы олимпиада ойындарының ресми хабар тарату құқығын иеленген.

Осыған сәйкес, ел тұрғындары 4-20 ақпан аралығында байрақты бәсекені "Qazaqstan", "Qazsport", "Хабар" және "El arna" телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Қазақстандықтар үшін олимпиадалық жарыстарды www.qazaqstan.tv және www.qazsporttv.kz ресми сайты мен "Qazaqstan.tv" мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігі бар.

XXIV қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан 17:55-те басталады.

Айта кетейік, 87 жолдама иеленген 34 спортшы бар. Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953302-beizin-olimpiadasy-qazaqstandyq-telearnalarda-tikelei-efirden-korsetile-me/

pixel