Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Қазақстан құрамасы Италияны ірі есеппен жеңіп, топтан бірінші орынмен шықты

Опубликовано:

Футзал
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерланд елінің Гронинген қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі үшінші ойынын Италияға қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан мен Италия арасындағы кездесу Мартини Плаза аренасында өтті.

Ел құрамасының бапкері Кака алғашқы минуттардан паркетке Игита, Тайнан, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов бастаған бестікті шығарды.

Ал Эдсон, Арнольд Кнауб, Азат Валиуллин, Ерсұлтан Сағындық негізгі құрам ойыншыларын алмастырып отырды.

Тартысты өткен матчта Қазақстан Еуропаның екі дүркін жеңімпаздарын 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Ел құрамасынан Біржан Оразов екі рет, Дуглас Жунир, Азат Валиуллин мергендігімен көзге түссе, Италия сапынан жалғыз голды ойынның он үшінші минутында Николоди соқты.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан Словениямен тең ойнады. Есеп 4:4.

Екінші ойында Финляндия құрамасын айқын басымдықпен ұтты (6:2).

Осылайша, ел құрамасы тобында бірінші орынмен ширек финалға жолдама алды.

1/4 финалда Қазақстан Украинамен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1953594-futzaldan-qazaqstan-quramasy-italiyany-iri-eseppen-zenip-toptan-birinsi-orynmen-syqty/

pixel