Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Қазақстандық шаңғышының әлемге әйгілі спортшымен түскен суреті желіні жарды

Опубликовано:

Тау шаңғысы
Фото: instagram.com/kolobasshka

Тау шаңғысынан ел намысын қорғайтын Александра Троицкая америкалық атақты спортшы Микаэль Полин Шиффринмен түскен суретін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, оқырмандарын қуантып қойды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кадрдан тау шаңғысы спортының жұлдызы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, алты дүркін әлем чемпионы, әлем кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазын көруге болады. Осынша атаққа қол жеткізген Микаэль Полин Шиффрин бар болғаны 26 жаста.

"Әлемнің үздік спортшысымен", - деді Александра Троицкая фотоның жазбасында.

Сонымен қатар, қазақстандық атлет әлемге әйгелі спортшымен жаттығудың сәті түскенін сөз етті.

Александра Троицкаяның бұл жазбасы желіде оқырмандардың қызу талқысына түсуде.

"Үздік фото. Тамаша", "Бұл қандай керемет десеңізші", "Ең үздік тау шаңғышысы. Шиффрин де осал емес", "Біз саған жанкүйерміз", "Сәттілік", - деді олар.

Айта кетейік, Бейжің олимпиадасының ашылу салтанаты төртінші ақпанға жоспарланған. Қазақстандық спортшылар қысқы олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алды. Тау шаңғысынан ел намысын Александра Троицкаядан бөлек, Захар Кучин қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954177-beizin-2022-qazaqstandyq-sangysynyn-alemge-aigili-sportsymen-tusken-sureti-zelini-zardy/

pixel