"Рұқсатын алдым": Кәсіпқой боксқа ауысқан Жүсіпов маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Абылайхан Жүсіпов
Абылайхан Жүсіпов. Фото: sports.kz

Әуесқойдан кәсіпқой боксқа ауысқан Абылайхан Жүсіпов мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Абылайхан Жүсіпов бұндай шешімді әлем чемпионатынан кейін қабылдағанын жеткізді.

"Әуесқой бокстан түбегейлі кеттім демеймін. Бас бапкерге хабарласып, рұқсатын алдым. Алдағы уақытта ірі жарыстар қарсаңында ұлттық құрамамен жаттығатын жоспарым бар", - дейді былғары қолғап шебері. 

Естеріңізге сала кетейік, Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Рио және Токио Олимпиадаларының қатысушысы. 

Ол Сербиядағы әлем біріншілігіне команда капитаны ретінде қатысқан болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1954280-ruqsatyn-aldym-kasipqoi-boksqa-auysqan-zusipov-manyzdy-malimdeme-zasady/