Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өте стильді": Әлемдік Forbes журналы Қазақстанның олимпиадалық формасын үздіктер қатарына қосты

Опубликовано:

олимпиадалық эпикировка
фото: olympic.kz

Әлемдік Forbes журналы Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құрама формаларының рейтингін жасап, ең сәнді киім үлгілеріне арнайы тоқталды. Олардың арасында Қазақстан да бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналдың шолушысы Стефан Рабимов қысқы Олимпиадаға арналан эпикировкаларды саралай келе, санаулы мемлекеттің киім үлгілерін ерекше атап өткен.

Мәселен, формасы үздік шыққан елдер қатарында Қазақстаннан бөлек, АҚШ, Ресей, Германия, Канада, Қытай, Швеция бар.

"Бар назарымыз Team Qazaqstan-ға ауады. Біріншіден, Алматы 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу үшін Бейжіңмен таласып, бар болғаны төрт дауыс айырмашылығымен ұтылды.

Екіншіден, Халықаралық олимпиадалық комитет аталған ел кириллицадан латын тіліне өткесін, мемлекет атауының жазылуын бірден өзгертуін де мақұлдады.

Үшіншіден, Қазақстанның жарқын формасы жазғы ойындардың ашылу салтанатында да ерекше көзге түсті.

Бұл жолы қазақстандық спорттық киім өндіруші ZIBROO ресейлік Дмитрий Шишкинмен бірлесіп дайындады. Оның атльесі мұндай масштабтағы тапсырмаларды жақсы түсінеді. Бұл өте стильді презентация. Ақ және көк түстер қар мен мұзды көрсетеді, ал қара түс - сәттіліктің белгісі. Аймақтағы геосаяси жағдайды ескерсек, бұл сән тұрғысындағы дипломатия саналады. Олимпиадалық рухты дұрыс тәрбиелейтін болса, бәрі де жеңеді", - деп жазды автор.

Бейжің Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі бүгін өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954567-en-sandi-alemdik-forbes-zurnaly-qazaqstannyn-olimpiadalyq-formasyn-uzdikter-qataryna-qosty/

pixel