Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Қазақстандық конькиші рекорд орнатса да жүлдесіз қалды

Опубликовано:

Спортшы
Надежда Морозова. Фото: Ұлттық олимпиада комиметі

Бейжіңде әйелдер арасында конькимен жүгіруден 3000 метр қашықтықта финалдық жарыс өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қашықтықта ел намысын Надежда Морозова қорғады.

Ол екінші жұпта америкалық Мия Килбургпен жарыс жолына шығып, 4:04.970 көрсеткішін тіркеді. Алайда отандасымыздың бұл нәтижесі жүлде жеңіп алуға жетпеді.

Айта кетейік, Надежда Морозова Бейжің төрінде осы қашықтықта Қазақстанның рекордын жаңартты. Бұған дейін ол қысқы Оимпиада жүлдегері Людмила Прокашеваға (4:05.01) тиесілі еді.

Айта кетейік, бұған дейін шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының спортшылары Бейжің Олимпиадасының бірінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954735-beizin-2022-qazaqstandyq-konkisi-rekord-ornatsa-da-zuldesiz-qaldy/

pixel