Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасы: 7 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады

Опубликовано:

Бейжің Олимпиадасы
Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Бүгін, 7 ақпанда бірнеше спортшымыз жарыс жолына шығады. Олардың қатарында Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында ту ұстап шыққан Екатерина Айдова да бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін әйелдер арасында конькимен жүгіруден 1500 метр қашықтықта финалдық жарыстар өтеді. Бұл қашықтықта ел намысын Надежда Морозова мен Екатерина Айдова қорғамақ. Олар Нұр-Сұлтан уақытымен 14.30-да өнер көрсетеді деп күтілуде. Тікелей эфирді Qazsport арнасынан тамалауға болады.

Сонымен қатар, 15.00-де әйелдер арасында биатлоннан сайыстар басталады. 15 шақырым қашықтықта Қазақстан атынан Галина Вишневская-Шепоренко қатысады. Биатлон Хабар арнасының тікелей эфирінен ұсынылмақ.

Айта кетейік, шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы, әлем кубогі кезеңдерінің жеңімпазы Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионы Екатерина Айдова қысқы Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстанның көк байрағын көтеріп шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954855-beizin-olimpiadasy-7-aqpanda-zarys-zolyna-kimder-sygady/

pixel